Бәйдібек: Өнім көлемі артты

ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ » Сыр медиа

Жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуда Бәйдібек ауданының әлеуеті жоғары. Сондықтан аудан алдындағы агроөнеркәсіп кешенін дамытуда негізгі міндет барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісі мен саланың экспорттық әлеуетін арттыру.

Биылғы жылдың бастапқы жартыжылдығында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6 млрд. 462,5 млн теңге болып, 109,28 пайызды құрады. Нақты көлем индексі 102,6 пайыз болды (2019 жылы 101,7 пайыз құраған). Бұл дегеніміз аудан әлеуметі үшін өте жақсы, сапалы көрсеткіш болып табылады.

«Ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 94709 га болса, нақты 100 939 га (106,58%) игерілді.

Талдап көрсететін болсақ: 57 500 гектар масақты дәнді-дақылдар, 900 гектар дәндік жүгері және 30500 гектар мақсары, 300 гектар мақта; 500 гектар картоп; 500 гектар бақша; 1000 гектар көкөніс;   2830,26 гектар биылғы жылғы жоңышқа дақылдары егілген., одан бөлек 6904 гектар жерге  ескі жоңышқа орналастырылды.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, әр ауылдық округтен 10 жер иеленуші бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу бағытында жұмыс істеу қажет. Қазіргі таңда 8 ауылдық округтен 28 тұлға жұмыстар атқаруда.

Даму бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 6 млрд. 333.5 млн  теңге болса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты индекс көлемі 102,6 пайызға өсті.

Мал басын көбейту бойынша өсім бар. Нақты айтқанда ірі қара мал – 68,2 (108,9 пайыз), қой- 587,8 (104,9 пайыз),  ешкі – 73,0 (101,7 пайыз), жылқы -23,4 (107,8 пайыз), түйе –0,3  (102,9 пайыз),  құс –95,5 (101,0 пайыз) басты құрады.

Сондай-ақ, мал өнімдерін өндіру бойынша да тапсырмалар артығымен орындалды, оның ішінде: ет 100,2 % (4911.7тонна),  сүт  106,8 %  (16533.9 тонна), жұмыртқа  103,3 % (5 841.4мың дана) өндірілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады