Сайрам: Оңалту орталығы бой көтеріп келеді

image.png

Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков Қарабұлақ ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстарды аралап қайтты. Жеке кәсіпкер медициналық орталықтың құрылысы мен алдағы жұмыс жоспарын таныстырды.

Жаңадан ашылғалы жатқан оңалту орталығы тұрғындар үшін аса маңызды болып отыр.

Оңалтудың мақсаты — науқастар мен мүгедектерді тұрмыстық және еңбек процесстеріне, қоғамға тиімді және тез арада қайтару; адамның жеке басының қасиеттерін қалпына келтіру, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, біртіндеп қалпына келтіру мақсаты қойылады немесе бұзылған не жойылған функцияны өтеу және қандай жағдай болмасын – аурудың шырқатылуын баяулату болғандықтан, оңалту орталықтарының медициналық тұрғыдан маңызы зор.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Низамхан Сүлейменов аталған ауылда өз қаражатына 1200 орындық мектептің құрылысын аяқтады.

Бұл мектепке баратын Элтай баба көшесі де тұрғындардың бастамасымен кеңейтіліп, демеушілер есебінен асфальт төселді.

Бұдан кейін аудан басшысы Қарабұлақ ауылының орталық Т.Рүстемов көшесінің абаттандыру жұмыстарын аралады. "Тәуелсіздік" саябағын көркейту жұмыстарына байланысты ескерту жасап, карантин режимін қатаң бақылауды тапсырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады