Сайрам: Мал өнімдері саны артып келеді

Отандық мал шаруашылығы өнімдері экспортталады | Қазақстан ...

Ауыл шаруашылығы дегеніміз, ол – біздің кең-байтақ жеріміз, төрт түлік малымыз және егіні мол аймақ­тарымыз. Осының барлығы бізге табиғат берген ең үлкен байлық деуге бола­ды. Қазақстан мал шаруашылығын атадан кәсіп еткен ел. Сондықтан малды біз секілді жақсы игерген елдің шаруашылықтың осы түрімен айналысуы аса тиімді. 

Сайрам ауданында бүгінде мал шаруашылығы саласын дамы­т­уға зор көңіл бөлінгендіктің арқасында оның серпінді дамып келе жатыр. Оның ішінде әсіресе мал өнімдерін өндіру, оны елге экспорттау мәселесі де өз шешімін тауып келеді.
Өңірде сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық 31 жанұялық сүт аулаларын құру тапсырмасы берілген, бұл көрсеткіш 27 бірлікке орындалған немесе 87% орындалды.

Ағымдағы жылы қой етін экспорттау  бойынша жоспар 500 тонна болса, 6 айда 84 тонна қой еті экспортқа шығарылды. ІҚМ еті  экспорттау бойынша  тапсырма 2000 тонна,  орындалғаны 1638 тонна.

Аудан аумағында асыл тұқымды ІҚМ басын арттыруға бағытталған іс-шаралар негізінде   Қарабұлақ ауыл округіндегі орналасқан «Зафар» ШҚ және ЖК «Раимкулов»  шаруашылықтары  шет мемлекеттен 212 бас асыл тұқымды аналық мал басын сатып алды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады