Сарыағашта қылмысқа жол жоқ

image.png

Сарыағаш ауданы полиция қызметкерлері үлкен қылмыстың бетін ашып, қылмыстарын әшкереледі. Ауданда жалған ішімдік дасап, шығарып жүрген астыртын цех анықталып, полицейлер дер кезінде көлеңкелі бизнестің көзін жойды. 

Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында аталған кәсіппен пайда тауып жүрген цехтің иесін де дер кезінде ұстап, жауапқа тартты. 

Тексеру барысында сапасы күмән тудыратын желімделген бөтелкедегі «Пшеничная» алкоголь өнімін, сонымен қатар құрамында спирті бар сұйықтықтарды 1,3 және 5 литрлік пластикалық ыдыстарға құйып дайындайтын астыртын суррогатты алкоголь цехы жойылды.

Анықталғанындай цехта көлемі 2380 бөтелке «Пшеничная» алкоголь өнімі, 99 дана 5 литрлік және 775 дана 1,3 литрлік пластикалық ыдыс, 5000 дана металл қақпақ және 1200 литр спирт тәркіленіп алынды.

Нұрлан Жүзеев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы: «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 233 бабының 2-ші тармағымен іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде».

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады