Шардара: Ауруханаға жаңа аппараттар сыйға тартылды

image.png

Кең болсаң кем болмайсың дегендей басқа күн туғанда жақынының жанынан табылған қазақ бұл жолғы ел басына күн туған сәтте де бірін-бірінің жанынан табыла алды. Аудандағы ізгі ниетті жандардың арқасында шардаралықтар қосымша медициналық қажеттіліктерге ие болды.

Шардара ауданының орталық ауруханасы тағы да науқастарға аса тапшы тыныс алу апараттарымен толықты. Бұл жолғы игі бастаманы қолға алған қайрымды жандар Әл-Матруди мешіт жамағаты мен кәсіпкерлер болды. 

Жалпы ауруханаға  16 оттегі концентраторы табысталды. Оның 8-і Әл-Матруди мешіт жамағаты, 8-і кәсіпкерлер демеушілігімен толықтырылды. Аппараттар науқастардың денсаулығын жақсарту үшін жұмыс жасауда. Алдағы уақытта тағы да оттегі аппараттарының санын көбейту көзделіп отыр. Әдеттегі оттегі балонынан әлдеқайда тиімді және өнімді бұл аппаратқа қол жеткізген орталық аурухана ұжымы, әсіресе сондағы науқастар өз қуаныштарын жасырмай, ізгі іс істеген барша азаматтарға өз алғыстарын білдірді!

Бүгінгі таңда жалпы ауданда науқастардың саны азайып, эпидемиологиялық ахуал ретке келтірілген. Сондай-ақ аудан бойынша карантин шаралары мен баға тұрақтылығы басты назарда болып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады