Түлкібас: Дәрі-дәрмек бағасын бақылау міндет

image.png

Пандемия тұсында халық тұтынатын дәрі-дәрмектердің бағасын тұрақтандыру және оны бақылау мақсатында монриторгтік жұмыстардың маңызы зор. Сол себептен аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес мүшелері аудандық дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағаларына партиялық бақылау, мониторинг жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар ол топта аудандық мәслихаттың хатшысы Сейсенбаев Садуахас Балтабайұлы, АМТ мүшелері қатысқан болатын. Мониторинг жұмыстары жүргізілген барлық дәріханаларға ескерту айтылып, дәріханалардағы дәрілер бағалары салыстырылды. Қазіргі таңда халық сұраныса ие болған дәрілер тізімі жасақталып, бағасы жазылған дәрілердің тізімі дәріхана кіре берісінде іліну қажеттілігі алға тартылды. 

Тұтынушылар індетпен күресте аса қажетті дәрілерді жиі сатып алғандықтан, кей-кездері дәрі тапшылығы туындауда. Аралаған 5 дәріхананың барлығында кассалық аппараттары бар болып шықты және тұтынушыларға түбіртек ұсынуда. Кейбір дәріханаларда дәрілердің баға көрсеткіштері қойылмаған, оларға ауызша ескерту жасалды. Тұтынушы азаматтар тарапынан дәріхана сатышуларына шағымдары жоқ екенін білдірді. Бұл мониторинг жұмыстарын аудан әкімдігі штабынан құрылған мобильдік топ мүшелері күнделікті атқаруда. 

Бүгінгі «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңес мүшелерінің елдегі болып жатқан пандемияға қарсы халық сұранысына ие дәрі-дәрмектер бойынша аудандағы дәріханалардағы дәрілердің бағалары бойынша мәлімет төмендегідей.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады