Түлкібас: Игі бағдарлама - халық игілігі үшін

image.png

Түлкібас негізі мал шаруашылығына қолайлы аймақтардың бірі. Сол себептен де болар биыл шаруашылықтың осы түрін қолға алғандардың қарасы көп. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. 

Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейткен. Мемлекеттен қолдау арқылы 10 жылқы сатып алған. Бүгінгі таңда 10 жылқыдан тәулігіне 15 литр қымыз баптап, литрін 500-700 теңгеден саудалауда. Сондай-ақ, ауданда үй іргелік қоралардан бөлек 10 ірі, 12 ұсақ шаруа қожалық жылқы сүтін өндеп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Ауданда осы салаға бейімделген «Таң нұры» саумалмен емдеу орталығы бар. Сауықтыру орталығы - тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және невралогиялық ауруларға қарсы ем-домдар жасайды. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда сауықтыру орталығы 84 адамды қабылдауға қауқарлы болса, қайта құрылымдау жұмыстары аяқталғаннан соң қосымша 60 адамға арттыруды жоспарлап отыр.
Таулы аймақта алма бауын дамыту жылдан жылға қарқын алып келеді. 2020 жылға жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құраған. 2020 жылы 100 га жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 78 гектар жерге орналастырылды. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ. Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы - 8900 тонна.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады