Пандемия жағдайында үйге жақын емхананы таңдау тиімді

сапарбекова.jpg

Пациенттердің пандемия жағдайында тұрғылықты жерге жақын маңдағы медициналық мекемені таңдағаны абзал. Өйткені, қажет кезінде емхана дәрігерлері науқастардың үйіне бара алады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Лаура Сапарбекова мәлімдеді.

Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) ұйғарымымен тұрғындардың өз аумағында емхананы еркін таңдау науқаны басталды. Оған азаматтар 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тіркеле алады. 

– МСАК ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Науқан қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар өзіне тіркелген азаматтарды саны негізінде қаржыландырылады. Әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын қаржы төленеді, – деді Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Лаура Сапарбекова.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды