Түркістан облысының тұрғындары қайтарымсыз қаржымен кәсіпкер атануда

35.jpg

Түркістан облысында Шардара қаласының тұрғыны Серік Тоқмырзаев 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алып, бүгінгі таңда пластик терезе, есік даярлайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Ашылғанына бір жыл толған цех өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыс аз емесӘзірге барлық жұмысты өзі атқарадыӨндіріс орнының иесі сұраныс артып жатсацех аумағын ұлғайтыптұрғындарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Дәл осындай грант иесі шардаралық Ұлназық Мысқалбай былтыр қажетті жабдықтар алыпмассаж кабинетін ашқанБүгінде күніне 7-8 адамға ем-дом жасапайына орта есеппен 200 мың теңге табыс табады.
Бұдан өзгеШардара ауданының арнайы санатқа жататын тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 887,9 млн теңге қаржы қаралғанСондай-ақ, 1-6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтуға (азық-түлік және гигиена кұралдар жиынтығы) 195,4 млн теңге бағытталғанҚазіргі таңда ауданда атаулы әлеуметтік көмек алған отбасы саны – 598, ал кепілдірілген әлеуметтік пакет алған отбасы саны 600-ге жуықАтап айтқандакепілдірілген әлеуметтік пакетпен қамтылған 1-6 жас бала саны – 1968, оның ішінде 1-3 жас бала саны – 850, 3-6 жас бала саны – 1118, оларға төленген қаржы – 27,1 млн теңге.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды