Жетісай ауданында бес жаңа мектеп пайдалануға беріледі

31.jpg

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданында бес жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Ал, келесі жылы 200 және 300 орындық екі мектептің құрылысы аяқталады. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Ералиев ауыл округі Арай ауылындағы 300 орындық «Дәуір» мектебі, сондай-ақ Абай ауыл округі Отан ауылындағы 300 орындық №47 мектеп, Жетісай қаласындағы 1200 орындық мектеп, Жылысу ауыл округі Баққоныс ауылындағы 300 орынға арналған Жангелдин атындағы мектеп және Атамекен ауыл округіндегі 300 орынға арналған мектеп биыл толық пайдалануға беріледі. Жалпы ағымдағы жылы 2400 оқушыға мектепте жаңа орын даярланады.

Мәселен, Арай ауылындағы 300 орындық «Дәуір» мектебінің құрылысы 2018 жылы басталған. Биыл қыркүйек айында толық пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда мектептің ішін жиһаз, техникамен жабдықтау жұмыстары жүруде. Бас мердігер – «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і.

Айта кетерлігі, Жетісай ауданында 44 099 мектеп оқушысы бар. Өңірде 13 аралас мектеп бар, қалғаны қазақ мектептері. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды