Кәсіпкері мектеп сап берген Сайрамда баспана мұқтаждарға беріледі

26.jpg

Сайрамда мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл білім ордасында 5 спорт залытеннис кортыфутбол алаңыәртүрлі бағыттағы үйірмелерге арналған бөлмелербассейн орналасқан. 74 замануи үлгідегі интерактивті тақтақажетті құрал-жабдықтарымен жабдықталған биологияхимия және физика кабинеттері бар. Білім ұясын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов аралап көрді.
1200 оқушыға арналған мектепте 2400 бала екі ауысыммен оқи алады. 
Қазір бұл мектепте карантин талаптарын сақтай отырып, 1-3 сынып оқушылары білім алудаБір сыныпта 15 баладан отыратын кабинеттерде америкалық үлгімен қойылған парталар тұрЯғнибір партада тек бір бала отырадыАйта кетерлігізаманауи білім ордасында оқу ақысы тегінтек қосымша үйірмелер ғана ақылы.
Мектепті салған инвестор бұған дейін де 7 балабақша мен 2 мектепті өз қаражатына салған.

26-1.jpg

Сонымен қатар, Ақсу ауылында 2 қабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл тұрғын жай үй кезегіне тіркелген жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 17 азаматқа тапсырылады. Аталған нысанды күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 68 млн теңге қаржы қаралған.
Айта кетейікбүгінгі таңда Сайрам ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 184 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды