Жыл сайын 150 мың тонна ет өндіреді

24.jpg

Түркістан облысында өңір басшылығының шағын және орта кәсіпті қолдау мақсатында ұйымдастырған жеңілдіктерін тиімді пайдаланып, кәсібін жолға қойған азаматтар қатары көбейіп келеді. Соның бірі Шардара ауданының тұрғыны Рамазан Сайнанов. Оның шаруа қожалығы жылына 150 мың тоннаға жуық ет өндіреді.

Аудан орталығында орналасқан Рамазан басқаратын «Ақарыс» шаруа қожалығы осыдан үш жыл бұрын құрылған. Қазіргі таңда аталған қожалықта 80 бас ірі қара бар. Ұжым мал бордақылап, ет өндіру бағытында жұмыс істейді. Қожалықтың іс жүргізушісі Рамазан Талғатұлының айтуынша, отбасылық кәсіпте төрт адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Мұнда орташа жалақы 70 мың теңгеден кем емес. Ал, олар өндірген өнім – ет ауданның ішкі нарығы мен Түркістан облысындағы өзге аудандарына да жөнелтіледі.
Шаруа қожалықта өзінің жеке мал сою орны мен жем-шөп дайындайтын арнайы цехы барРамазан Талғатұлы алдағы уақытта қожалықтың аумағын үлкейтіпмал басын арттыруды көздеп отырӨйткеніет өніміне сұраныстың артып отырғандығын жеткізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды