Залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

Screenshot_14.png

Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің тапсырмасына сәйкес, COVID-19 инфекциясын таралуының алдын алу мақсатында Арыс аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен және әскери қызметшілер бекітілген кестеге сәйкес, бүгінгі жалпы көлемі 80200 шаршы метрге залалсыздандыру жұмыстарын жалғастырды. Бұл туралы Арыс қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қаладағы қоғамдық орындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандармен қатар, саябақтар мен орталық алаңға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Ғимараттарды диохлорид ерітіндісімен, ал көшелерге арнайы гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған қоспа шашылып, залалсыздандырылды. Бұл жұмыстар жүйелі түрде атқарылып, алдағы уақытта қарқын алады. Қала аумағы толықтай дезинфекцияланатын болады.

Сонымен бірге  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Арыс қаласынан түлеп ұшқан Қазақстан Республикасының өнер жұлдыздары, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталған, Дос-Мұқасан тобының әншісі Ақжол Мейірбеков, Қазақстан және Татарстан Республикасының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Шахизада Байпатшанова, Нұрлан Еспанов, Ербол Байырбеков, Жазира Байырбековалар Арыс қаласы тұрғындарын сабырға шақырып, бейнеүндеу жолдады.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шаян көркейіп келеді
  • Түйе шаруашылығы жандануда
  • Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форумы өтті
  • Қаржыландырылған жобалар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
  • Отырар ауданында 50 МВт күн электр станциясының құрылысы басталды