Түлкібаста жол саласында ауқымды жөндеу жұмыстары іске асуда

Screenshot_12.jpg

Қатаң бақылау болған жерде жұмыс сапасы артатыны белгілі. Басшылық әрбір детальді жіті бақылап, сараптаудан өткізіп отырса, жұмыста босаңсу деген мүлдем болмайды. Өз кезегінде бұл жұмыс өнімділігін арттырады. 

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Н.Тұрашбеков аудан аумағындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан біршама жолдар мен көпірлерді аралап, жұмысымен танысты.

Бірінші кезекте аудан басшысы Т.Рысқұлов пен Түлкібас кенті бағытындағы ұзынды 7 шақырымды құрайтын жолдың күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Аталмыш жолда 4 мал өтуге арналған өткел және бір көпір бар. Яғни, алдағы уақытта ауыл тұрғындары малды көліктер ағылып жатқан жолдың үстінен өткізбей, жол астында өткел арқылы өткізетін болады. Жолдың Т.Рысқұлов ауылы жағынан 2 шақырымы, Түлкібас кенті шегіндегі 1,5 шақырымына түнгі жарықтандыру, лоток және жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, толығымен абаттандырылмақ.

Бұдан соң аудан әкімі Жаскешу ауылдық округіндегі күрделі жөндеу өтіп жатқан көпірдің жұмысымен танысты. Көпірдің жалпы ұзындығы 54 метр, ені 13,5 метрді құрайды. Нысан ағымдағы жылдың қазан айында аяқталып, пайдалануға берілмек.

Келесі кезекте аудан басшысы аудан орталығындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қарағашты-Бақыбек (ұзындығы 1,9 шқ) және Иманов көшелерінің (ұзындығы 1 шқ) жұмыстарын тексерді. 

Аудан әкімі әр нысанды аралау барысында мердігерлер мен мекеме басшыларына жөндеу жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімінен кешіктірмеуді тапсырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түлкібаста жол саласында ауқымды жөндеу жұмыстары іске асуда
  • Түлкібас арыстық балаларға демалуға жағдай жасады
  • Аудан әкімі спорт нысандарының жай-күйімен танысты
  • Түлкібаста жаңа спорт кешені ашылады
  • Көпбалалы ана өз кәсібін дөңгелетіп отыр