Түлкібаста жаңа мектепте оқушылардың шат күлкісі естілетін күн алыс емес

Screenshot_2.jpg

Баяғы заманда ел мен елді, жер мен жерді жалғаған даңқты Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Түлкібас ауданына барыс-келіс көп. Бұан бөлек, инфрақұрылым мәселелері шешілген, табиғаты әсем, ауа райы жанға жайлы ауданда жыл сайын тұрғындар саны артып келеді. Бұл – Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық болашағы зор екендігін көрсетеді. Бір айта кетерлігі, аудан тұрғындарының санының артуына байланысты, мұнда білім беру нысандарына деген сұраныс та артады. Соңғы деректер бойынша Түлкібаста жылдан-жылға мектеп табалдырығын аттаушы оқушылар саны көбеюде. Осыған орай, ауданда жаңадан мектептер салынып, бұрын салынған мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.   

Статистикалық деректерге сүйенсек, қазіргі таіда Түлкібастағы жалпы мектептер саны – 60, оның ішінде 45-жалпы орта мектептер, 5-негізгі орта мектептер, 9-бастауыш мектептер, 1-үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты. Үш ауысыммен оқитын мектептер жоқ. Жалпы білім ошақтарында 22138 оқушы білім алуда.

Оқушыларға сапалы білім беру үшін облыстық және аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп, 2018 жылы аудан орталығындағы Абай атындағы мектеп лицейі, Құлан ауылындағы А.Гайдар ЖОМ, Жаскешу ауылындағы С.Сейфулин ЖОМ, Балықты ауылындағы А.Рыбалко ЖОМ-і күрделі жөндеуден өтті.  

Ал, шағын және орта кәсіпкерлік жоғары қарқынмен дамып, халық саны көбейіп жатқан Азаттық ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Нысан биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Мұнда оқушылардың шат күлкілері естілетін күн алыс емес.

Түлкібас ауданының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тұрар Рысқұлов ауылындағы Пушкин ЖОМ  250 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Шақпақ баба ауылындағы С.Бреусов атындағы 200 орындық мектеп құрылысы, Түлкібас кентіндегі П.Шевцов атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Мыңбай ауылындағы Жамбыл атындағы мектепке 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Сеславино ауылындағы Сеславино мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебіне 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылыстарына облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, іске асуда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түлкібаста жаңа мектепте оқушылардың шат күлкісі естілетін күн алыс емес
  • Көпбалалы отбасыға сый-сияпат табысталды
  • Мүмкіндігі шектеулі көпбалалы әке баспаналы болды
  • Мейірім шуағы төгілген күн
  • Жемқорлықпен күрес мәселесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жіті қадағалауында