Көпбалалы отбасыға сый-сияпат табысталды

Screenshot_7.jpg

Жері кең-байтақ Қазақстанда демографиялық ахуалды жақсарту – басты назарда тұрған мәселе. Халық саны көп болғанда елімізде бәсекеге қабілетті қызмет түрлері, тауарлар, мамандар легі қалыптасады. Бұл әлемдік нарықта өз орнымызды мықтап нақтылауға көмектеседі. Осыған орай, көпбалалы аналарды қолдап, әлеуметтік көмек берген өте маңызды.  

Жақында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев Қазақстан Республикасының рәміздері күнінде дүниеге келген түлкібастық үшемдерді 1 жасқа толуымен арнайы құттықтады. Алтын құрсақты Мәдина анаға гүл шоқтарын ұсынып, бөбектерге сый-сияпат табыстады. «Ауданымыздың демографиясына елеулі үлес қосып, аман-есен үшемдерді дүниеге әкеліп, өсіріп жатырған сіздерге алғыс айтамыз. Бөбектеріңіз денсаулықтары мықты боп, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын үлкен азаматтар болсын. Биіктерден көрінулеріне тілектеспіз. Сіздерді жақсы жетістіктерімен қуанта бергей!» деді Ерлан Бақытжанұлы.  

Айта кетейік, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Кенжалы мен Мәдина Серікбаевалардың былтыр 4- маусымда үшемді дүниеге әкелгенін халыққа қуана хабарлаған болатынбыз. Міне, сол үшемдер: Бекнұр, Ернұр, Балнұр 1 – жасқа толды. Дендері сау, сергек, жүруге талпынып жүр.

Серікбаевтардың отбасында бұған дейін 2 ұл, 1 қыз болса, үшемдермен 6 перзентке толықты. Балаларының алды 15 жаста. Қолындағы қарт аналары Дариха әже мен үлкен балалары ата-анасына көмекші болып, үшемдерді бағуға жәрдемдесуде. Бөбектерді өсіру отбасына оңайға соқпапты.

 «Маған Құдай осыларды бағыссын деп қуат беріп қойған ғой» дейді 83 жастағы Дариха әже.

Мәдениет қызметкері, ақын Тұрысбек Келімбетов үшемдер мен анасына арнау айтып, ізгі тілектерімен әсем жырдан шашу шашты. Дариха әже немерелерін құттықтап, ізгі ниеттерін жеткізген аудан әкімдігі қызметкерлеріне алғыс айтып, ақ батасын берді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті
  • Мақтаралда 5 мектепте IT сыныптары ашылды
  • Түнгі Иірсу көшелері сүттей жарық болады
  • Көпбалалы ана жиһаз цехын іске қосты
  • Ауыл клубтары қайта жаңғырады