Төле биде «Жасыл ел» жасағы құрылды

Screenshot_10.jpg         

Төле би ауданында алғаш рет «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы құрылды. «Жастар жылы» аясында өз жұмысын бастаған «Жасыл ел» жобасы жастарға жазғы демалыс уақытында студенттер жасақтарында әртүрлі бағыттарда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мәселен  ағаш отырғызу, суғару жұмыстары, шөп ору, гүлдендіру т.б. 

Осыған байланысты Төлеби аудандық Жастар ресурстық орталығы жастарды осы жобаға атсалысуға шақыруда. 16-29 жас аралығындағы оқушы, студенттік және жұмыссыз жастарды тамыз айына жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Еңбекақы көлемі 40 000 теңгеден 60 000 теңгеге дейін дейді мамандар. 

Осылайша жастар Төле би ауданын абаттандыруға, көгалдандыруға және тазалығына өз үлестерін қоспақ. 

Айта кетейік, «Жасыл ел» еңбек жасағы 2004 жылы Елбасының бастамасымен жүзеге асқан.  Жыл сайын жоба мыңдаған жалынды жастың басын қосып, жазғы мезгілде жұмыспен қамтып келеді. Биылғы маусымда облыстың аудан-қалаларынан 1300-ге жуық жас жұмысқа тартылады. Олар  жасыл желектерді баптап, ағаштар мен гүлдерді суарады. Көгалдар мен көше бойындағы алаңдарды арам шөптерден тазартады. Жұмыс күні дүйсенбі мен жұма аралығында болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі