Жайдарманшылар әкім кубогына «таласты»

Screenshot_25.jpg

Елімізге белгілі жайдарманшылар Түркістанда бас қосты. Облыстың 1 жыл толуына орай  "Жастар ресурстық орталығы" Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін ұйымдастырған  республикалық "JAIDARMAN" ойындарына 10 команда қатысты.  өткізді. Бұл ойынға елге танымал жайдарманшылар мен құрамалар қатысты. Көрерменге әдемі әзілмен, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Түркістанның төріне жайдары жазбен бірге енген JAIDARMAN ойындарын ұйымдастырудағы басты мақсат - өркендеген, өзгерген рухани астананың жаңа келбетін жайдарманшы жастардың тілінде жұртшылыққа жеткізу. Осы арқылы қала жастарын жаңа қаланың келбетін қалыптастыруда белсенділікке шақыру. Кеш жүргізушісі ретінде арнайы шақыртылған Есен Елеукен «Қаланың мәдени орталыққа айналып, жастар қаласы болатынына сенім мол» - дейді. 

 «Түркістан біздің тек рухани астанамыз емес ол жастардың қаласы. Ол мәдени орталаққа айналуына мүмкіндік мол. Себебі, оңтүстік өңірден елімізге белгілі неше түрлі жалынды жастар шығып жатыр»,- деді өз кезегінде Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен.

Халықты күлкі қарық қылған бәйгеде Шымкент қаласының  “Миллион” командасы оза шауып, әкім кубогын иеленді. Екінші орынға Ақтөбелік «Фемида» командасы лайық деп танылса, үшінші орынды Талдықорған командасы «Шапалаққа» бұйырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі