Жазықсыз қамалып, 30 жыл түрмеде отырған азамат босатылды

Жазықсыз қамалып, 30 жыл түрмеде отырған азамат босатылды

3 қаңтар күні америкалық сот 1991 жылы абақтыға жабылған 62 жастағы Джерри Томас есімді азаматты бостандыққа шығарыпты. 1987 жылы Детройт қаласының тұрғыны өзіне әлдекімнің азық-түлік дүкенінен шығып келе жатқанда тап бергенін айтып, шағымданыпты. Екі жыл өткеннен кейін арызданған әйел Томасты әлгі қылмыскер ден таныпты. Полицияның қолында заттай айғақтар мен дәлелдердің болуына қарамастан, Томас кісі өлтірмекші болып, оған шабуылдады деген айыппен 50 жылға бас бостандығынан айрылады.

2010 жылы Томастың ісімен "The Innocence Project" деген коммерциялық емес заң ұйымы айналыса бастайды. Олар Томас секілді жазықсыз түрмеге отырған адамдарды ақтап алуды мақсат тұтады. Осы іске кірескен заң фирмасының өкілдері 1987 жылы  болған қылмыстың ізіне түсіп, көлікте отырған адамның Томас емес екендігін анықтап, оның сол кездегі салмағы 115 келі, бойы 190 сантиметр болғанын нақтылайды. Сондықтан олар  Томастың бойы ұзын, салмағы ауыр болғандықтан көлікті оңай басқарып, қылмыс жасауы мүмкін еместігін дәлелдейді.

Жәбір көрген әйел осы уақытқа дейін бақилық болып кетіпті, сондықтан істі қайта бастап, тергеу амалдарын жүргізуге еш негіз болмаған.  Ал Томастың өзі болса ұйымдағыларға алғысын жеткізіп, өзінің отбасымен қауышыпты. 
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

 


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі