"Астана біздікі" деген жігіт екі жылға сотталып кетті

"Астана біздікі" деген жігіт екі жылға сотталып кетті

                              

Онсыз да пробациялық бақылауда жүрген ол, енді өмірінің алдағы екі жылын түрмеде өткізеді. Анау - мынау емес, ең қатаң режимдегі абақтыда отырады. Бірақ 24 жастағы айыпталушы әлеуметтік желіге тараған атақты видео үшін емес, басқа әрекеті үшін сотталыпты. Ол тағы не бүлдірген?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қос қолына қару ұстаған бейнежазбадағы жігіт сотта қатты қобалжыды. Пробация қызметкерлері оның 2017-де бес жылға сотталғанын, бірақ, мерзімінен бұрын босатылғанын есіне сады. Жібергенде де мемлекет 24 жастағы айыпталушыға: «кешқұрым көшеге шықпа, қылмыс жасама, ай сайын келіп тұр» деп жіберіпті. Алайда, ол атышулы бейнежазбаға түсіп, кезекті айда полицияға бармаған. Бұған сылтауы дайын екен .

«Хабарлама берем деп отқан едім. Ертең отметкаға барам деген күні телефоным бұзылып қалды. Үйдегі кішккентай балалар суға тастап жіберген».

Судъя Бағлан Идрисов 24 жастағы айыпталушыға «менің алдыма» сені атышулы бейнежазбаң емес, пробациялық ережені бұзғаның үшін әкелді деп түсіндірді. Сотталушы барлығын түсінем деді. Тіпті, соттан кешірім сұрады.

«Кешірім сұраймын соттан. Шектеу жазасымен қалдыруларыңызды сұраймын. Шектеу жазасымен қалдыруларыңызды сұраймын».

Айыпталушыны мемлекеттік қорғаушы ақтап шығаруға тырысты. Ол пробациялық қызметтің олқылығын да сот отырысында бетке басты.  
 
 ЕСБОЛАТ ИСПЕНБЕТОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАУШЫ
«Іс құжаттарында түнде сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты орнынан шығуға болмайды деген жазбаша түрдегі, нақты болмағаны бір себеп. Неге? Ауызша айтқанымен, жазбаша көрсетпеген».

Дегенмен,  Байқоңыр ауданының №2 сотының судъясы Бағлан Идрисов 24 жастағы жігіт барлығын білген, мемлекет толықтай ескерткен деп шешті Сөйтті де 2 жыл, 3 ай, 7 күнге бас бостандығынан айырды. Айта кетейік, бұл 2017 жылы дәл осыншама мерзім өтелмей қалған еді. Сот сол уақытта бүгін оның алдына қайтарды.

 БАҒЛАН ИДРИСОВ
ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ №2 СОТЫНЫҢ СУДЪЯСЫ
«Астана қаласы Алматы ауданының №2 соты 2017 жылғы 7 маусымдағы үкімім ен Ахметжанов тағайындалған бас бостандығын шектеу өтелмеген бөлігі 2 жыл 3 ай 7 күн бас бостандығынан айыру жазасынан нақ сол мерзіміне ауыстырылсын. Сотталған Ахметжановтың жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің барынша жоғары мекемесі белгіленсін. Қаулы заңды күшіне енгеннен бастап сотталған Ахметжановқа бұлтартпау шарасы қамаққа алу түрі қабылдансын».

Бізбен тілдескен сотталушы қасындағы қос досына еш жаза қолданылмағанын айтты. Сондай-ақ, ол бейнежазбадағы қару тек ойыншық болғанын тілге тиек етті. Айта кетейік, азамат алдағы екі жылдан артық уақытын ең қатал жүйелі темір тордың ар жағында өткізбек.  


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі