Алматыда 23 жасар қыз бір топ студентті "тақырға" отырғызып кеткен

Алматыда 23 жасар қыз бір топ студентті "тақырға" отырғызып кеткен                                                                                                                    

                    

Алматыда 23 жасар қыз өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырып, бірқатар алаяқтық қылмыс жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда өзін медициналық университеттің студенті ретінде таныстырған 23 жастағы бойжеткен білім беру саласында алаяқтықпен айналысқан.

- Білім беру саласында алаяқтық жасағаны үшін 1996 жылғы Түркістан облысының тумасы ұсталды. Ол "медуниверситеттің студентімін, грант алып бере аламын, ол арада жақсы таныстарым бар" деп мектеп бітірушілер мен басқа оқу орындарының студенттерін алдаған. Қыз құрбандарымен тікелей байланысқа шықпаған, үнемі достарын пайдаланып, байланыс орнатқан. Заңсыз қызметі үшін ол әр адамнан 250-300 мың теңгеге дейін ақша алған. Қазіргі уақытта оның қалада 10-нан астам осындай алаяқтық іске қатысы бары анықталды. Біздің бөлімнің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шегіп, оны танып жатқандар болса, мына телефонға хабарласуларын сұраймыз: 298-53-02 немесе 8-701-255-22-66, - дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов.


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі