Арыстың тынысы кеңейіп келеді

71515164_974963239503386_6724809940944289792_o.jpg


Арыс қаласының жалпы ұзындығы 272,3 шақырымды құрайтын көшеге зерделеу жұмыстары жүргізілді. 

Қала ішіндегі 62 көшенің жамылғысында ақаулар орын алғандығы анықталған. Қала көшелеріндегі ақауларды жою бойынша атқарылатын іс-шаралар аясында жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық 62 көшені заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында, келесідей жұмыстар атқарылуда.

Жалпы 46,7 шақырым аяқ жол салу, 68,6 шақырым жолға 2234 дана жарық шамдар орнату, 9 шақырымға суағарлар қою жұмыстары қызу жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпы 60-қа жуық арнайы техникалар мен 110-нан аса жұмысшы тартылған.

-Арыс – тынысы кеңейген, тірлігі түлеген шаһар. Бүгінде ел бірлігі мен елшіл азаматтарының арқасында Арыс қаласының еңсесі тіктеліп, ажары кіріп келеді,-деп хабарлады арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Арыс қаласындағы 1200 орындық орталық стадион толығымен күрделі жөндеуден өтіп, заманауи спорт алаңына айналды.

Талай аяқ доп шеберлерін шыңдаған жасыл алаң қайта жаңғыртылып, жүгіру алаңына жаңа төсенішпен алмастырылып, орындықтар заманауи үлгіде жасалған. Күрделі жөндеуді өз жауапкершілігіне алған «Самұрық-Қазына Констракшн» АҚ. 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі