Солтүстік Қазақстанда егін алқабының 97% астамы орылды

6ef5649578d83ce550d8fd79577248bb.jpg

Биыл өңірде бидай 2,8 миллион гектарға егілді. Бүгінде 7 ауданның диқандары маңызды науқанды межеледі. Жалпы алқаптың 97%-дан астамы орылды. Қалғаны ауа райы қолбайлау болмаса, бернеше күнде қамбаға құйылады.

"Лицензиялы элеватор жұмыс істеп жатыр. Онда 827 мың тоннадан артық астық тиелді. Және ол жұмыс әлі де жалғасуда. Элеватордағы астықтың 37%-і үшінші сұрыпты бидай. Былтырғы жылға қарағанда ол 8%-ке артық. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 41 миллиард теңге субсидия төлену жоспарда болса, қазіргі уақытта оның 32 милиларды төленді", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Наргиз Ақжігітова.

Баға да биыл шаруаларды қуантып отыр. Азық-түлік корпорациясы астықтың бір тоннасын 70-76 мың теңгеден сатып алып жатыр. Мұнымен қоса, солтүстіктің сары алтыны Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан елдеріне де экспортталады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі