Бәйдібек ауданында еңбек заңнамасы түсіндірілді

20.09.jpg

Бәйдібек ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Түркістан облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Алмасбек Мамытбеков «Систем Иншаат Лимитед Ширкети» филиалының директоры Deurim Firat Orhan мен және «Ренеко Қазақстан» ЖМ-нің директоры Роман Бакиевпен кездесу өткізді. Бұл жиынға облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Мұрат Төлендиев пен аудан әкімінің орынбасары Нұрғали Айтбеков, аудандық дербес бөлім басшылары қатысты.
Басқарма басшысы осы басқосуда жергілікті кәсіпорындарда жұмыс жасайтын азаматтардың арасында еңбек заңнамасының сақталуы мен олардың орындалуын, жұмыс орындарын ашу туралы ұсыныстарды инвесторлармен бірге талқылады. Аталған кәсіпорын басшылары аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және халықты жұмыспен қамту мекемесімен бірлесіп, (бос жұмыс орындарына сұраныс жіберу арқылы) ауыл азаматтарының жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Алдағы уақытта керекті мамандар даярлау үшін аудандық №19 колледжімен бірлесе отырып, азаматтарды қысқа мерзімді оқыту жөніндегі өз ойларын білдірді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі