Жылқы бағып, кәсібін кеңейткен азамат

28.09.jpgБәйдібек ауданының Ақбастау ауылындағы «Нұр-Бағлан» шаруақожалығы 2009 жылдан бері қазақтың құйрықты қылшық жүнді асыл тұқымды қой санын көбейтумен айналысып келеді. Бүгінде қожалықтың иелігінде 2000 қой, құлын-тайымен қосқанда 50 жылқы бар.
Шаруашылықты шыр айналдырып, малдың жайын жасап отырған кәсіпкер Бағлан Нәбиевтің негізгі мамандығы – жоғарғы білімді заңгер. Біраз жыл осы салада абыроймен қызмет те атқарған.
– Несібең малдан болған соң, оны баладай мәпелеуге міндеттісің. Олай болмаса, мал бітпейді. Әкем Нәби Әбдіхалық мал дәрігері болатын. Сондықтан болар бұл кәсіп маған таңсық емес, – дейді Бағлан Нәбиұлы.
Шаруақожалық алғашында қорадағы 20-30 малдың санын көбейтіп, асылдандыру мақсатында ауданымыздағы «Бәйдібек-несие» КС» ЖШС-нен ауылшаруашылығын дамыту бағытында төмен пайызбен несие алады. Келе-келе мал саны артқан соң, ауыл сыртынан қора-жай салып, қойды сонда бағады. Малдың шем-шөбін жинау үшін 50 га жерге жоңышқа, 50 га жерге бидай егеді. Қажетті техникаларды қаражатқа қарай сатып алып отырады. Лезингке трактор алады. Бірте-бірте жұмыс ауқымы артқан соң, шаруашылыққа қосымша жұмысшы алады. Қазір кәсіпкер бес адамды жұмыспен қамтып, 70-80 мың теңге жалақы төлеп отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі