Созақ халқы орталықтандырылған құбыр суын тұтынады

Созақ ауданында тұрғындардың 80 пайызы арнайы құбырлармен жеткізілген таза ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы аудандық мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет айтты. Ол аудан бойынша атқарылған жұмыстардың жеті айлық қорытынды есебін баяндады.
– Былтырғы жылдың қорытындысымен Созақ ауданы бойынша 35 елді мекеннің 23 елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген болса, 2019 жылы Созақ ауыл округі Көктөбе елді мекенінің ауыз сумен жабдықтау жұмыстары аяқталып, ауыз су құбырлары толықтай пайдалануға берілді. Қазіргі таңда орталықтандырылған ауыз су құбырларымен қамтылған аудандағы 24 елді мекенде тұратын халық саны – 50 мың адамды яғни аудан тұрғындарының 80 пайызын құрайды, – деді аудан басшысының орынбасары.
Бекзат Әлмағанбеттің баяндамасына сүйенсек, ауыз су құбыры бар елді мекендер бойынша бүгінгі күнге 24 елді мекеннің 17-не ауыз су тәулігіне 24 сағат берілсе, 7 елді мекенде ауыз су уақытпен берілуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі