Созақ ауданын газдандыру жұмыстары жүргізілуде

Созақ ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында магистралды құбыры мен автоматты газ тарату стансасының (АГТС) құрылысы басталды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет аудандық мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында хабарлады.
– Өткен жылы Созақ ауданына тартылатын магистралды газ құбыры құрылысының жобалық сметалық құжаттамалары жасалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Аталған жобаға осы жылы 100 млн теңге қаржы қаралып, магистралды құбыры мен автоматты газ тарату стансасының (АГТС) құрылысына мемлекеттік сатып алу жұмыстары кезінде «StroyGazCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктесігі жеңімпаз деп танылып, құрылыс жұмыстары басталды. Өткен жылы Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін газдандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 27 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалау сметалық құжаттамалары жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Бұл жобаны қаржыландыру жөнінде облыстық бюджетке ұсынылды, – деді ауданда жеті айда атқарылған жұмыстардың есебін баяндаған Б.Әлмағанбет.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар мен кәсіпкерлер марапатталды
  • Созақ ауданын газдандыру жұмыстары жүргізілуде
  • 121 жаңа түрғын үйдің құрылысы аяқталды
  • 7 айда 4 миллиардқа жуық теңгенің құрылысы жүргізілді
  • Жаңа зауыт 400 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды