Теріскейде төрт түлік көбейіп келеді

Созақ ауданында тамыз айына дейін 6679 тоннадан астам ет, 9650,9 тонна сүт, 1 миллион 786 мың үш жүз дана жұмыртқа өндірілді. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет айтты. Аталған аудан бойынша атқарылған жұмыстардың жеті айлық есебі қыркүйек айының соңғы сәрсенбісінде өткен аудандық мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында тыңдалды.
– Есепті мерзімде ауданда отыз жеті мың жеті жүз бас мүйізді ірі қара, он сегіз мың алты жүз бас жылқы, он бір мың сегіз бас түйе, үш жүз мың төрт жүз бас қой-ешкі, жиырма тоғыз мың алты жүз бас құс өсірілуде. Өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 107,4 пайызға, жылқы 119,4 пайызға, түйе 104,7 пайызға, қой-ешкі 104 пайызға өсіп отыр. Сонымен қатар биылғы жылдың 7 айында 6679,1 тонна ет (тірі салмақта), 9650,9 тонна сүт, 1 млн. 786 мың 3 жүз дана жұмыртқа өндірілді, – деді баяндама жасаған аудан басшысының орынбасары.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі