Созақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің құны 6 миллиардтан асты

Түркістан облысының теріскейінде орналасқан алып ауданда шаруалар ағымдағы жылдың жеті айында 6 млрд. 336 млн. 700 мың теңгенің өнімін өндірген. Бұл туралы таяуда, қыркүйек айының соңғы сәрсенбісінде өткен аудандың мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында мәлім болды.
– Аудан бойынша 2019 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 6 млрд. 336 млн. 700 мың теңге болып, нақты көлем индексі 101,3 пайызға орындалды, и – деді депутаттардың алдында аудандағы атқарылған 7 айдың жүмыстары туралы баяндаған аудан әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет.
Әкім орынбасарының есепті баяндамасында жария етілген деректерге сүйенсек, биыл бекітілген жоспар бойынша аудан аумағында 12 мың 100 га егістік жер игеру межесі белгіленген екен. Дегенмен, егілген өнім белгіленген меже мөлшерінен асыра орындалған.  13 мың 54 гектар алқапқа егіс егілпті. Оның ішінде игерілген суармалы жер 5 мың 400 гектарды құрайды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі