7 айда 173 жарым миллиард теңгенің өнімі өндірілді

Созақ ауданында жыл басынан бергі жеті ай ішінде құны 173 жарым миллиард теңгеге жуық қаржыға пара-пар жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Еліміздегі территориясы ең үлкен Түркістан облысының теріскейіндегі аталған аудан әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет бұл туралы аудандық мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында мәлімдеді. Ауданда атқарылған жұмыстардың жеті айлық есебі депутаттардың қатысуымен қыркүйек айының соңғы сәрсенбісінде тыңдалды.
– Биылғы жылдың 7 айында 173 млрд. 545 млн. 900 мың теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. Бұл өткен 2018 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 109,7 пайызға немесе 43 млрд. 917,0 мың теңгеге артып отыр, – деді баяндама жасаған аудан басшысының орынбасары Бекзат Тайұлы.
Сессияның күн тәртібінде аудан әкімі орынбасарының есебінен бөлек аудандық білім бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар есебі де тыңдалды. Сонымен қатар, алда тұрған міндеттер баяндалып, халық қалаулыларының талқысына түсті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі