Созақ ауданының әкімі 13 жеке қабылдау өткізді


2019 жылдың қаңтарынан бері Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың жеке қабылдауына 127 азамат келген. Оның 41-і әлеуметтік көмек беруді сұраса, 38-і баспанамен қамтуды өтінген.
– Жыл басынан 13 рет азаматтарды өтініштері бойынша аудан әкімі ретінде жеке қабылдадым. Жеке қабылдауымда 127 азамат болды. Осы азаматтардың отыз сегізі тұрғын үй сұрады. Сапалы электр қуатымен жамдықтауды сұрап екі адам келді. Осындай тағы басқа да мәселелермен жеті тұлға жеке қабылдауда болды. Қырық бір тұрғын әлеуметтік көмек алу бойынша шағымданды. Отыз кісі жұмыс сұрады. Жетеуі жер мәселесімен келді. Сонымен қатар, бір адам көше атын беруді өтінсе, бір тұлға құрметті азамат атағын беруді сұрап келді. Барлығының да мәселелері заңмен шешіледі. Оларға қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, – аудан басшысы Салыхан Сабыррханұлы.
Ағымдағы жылдың 7 айында заңды тұлғалардан – 26, жеке тұлғадан - 418, барлығы 444 жүгінулер келіп түсіпті. Аталған жүгінулердегі көтерілген мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданған.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі