Бәйдібектік спортшылар үздік атанды

68716653_734871966957030_2772747198859837440_o.jpg

Бәйдібек ауданының спортшылары Спорт күні кәсіби мерекесі қарсаңында Ордабасы ауданының құрылғанына 55 жыл толуына орай ұйымдастырылған спартакиада қорытындысында жалпы командалық есепте еекінші орынды иемденді. І, ІІ-топтағы көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында қол күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы және арқан тартудан өткен ашық спартакиадаға Түркістан облысының аудандарынан 12 команда қатысты.
Атап айтқанда, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Бердіқұл Битанов шахматтан жеңімпаз атанып, бірінші орынды жеңіп алды. Ал, ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ ойнауға қатысқан Шаян елді мекенінің тұрғыны Нұрғали Пірназаров екінші орынды иеленді. Спорттың дойбы түрін жақсы меңгерген Ақбастау елді мекенінің тұрғыны Дариға Қуандықова үздік үштікті қорытындылап, қола медальға қол жеткізді. Арқан тарту сайысында өнер көрсеткен Шақпақ ауылының кіл мықтылары Саукелсін Темірханов, Әділхан Баймаханов, Наурызбай Бейсенбаев және Әбдәлі Балабиев тек бір ғана командадан айласын асыра алмай екінші орынды місе тұтуға мәжбүр болды. Осылай Бәйдібек ауданының атынан сынға түскен азаматтар жалпы командалық есепте екінші орыннан көрініп, намысты қолдан бермейтінін тағы бір рет дәлелдеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Облыста ішкі туризм дамуда
  • Ордабасы ауданында сауықтыру туризмі дамиды
  • Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
  • Түркістан облысында 1200 басқа арналған жаңа сүт фермасы салынып жатыр
  • Түркістан облысында 134 өзен – көлде балық өсіріледі