Созақта қариялар асық ойнады

16.09.jpg

Ағымдағы аптада аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1967), мал шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі үшін «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген ауыл шаруашылық қызметкері», есімі «Қазақ КСР-нің Алтын кітабына» жазылған (1964), 2 Ленин (1964, 1975), Еңбек Қызыл Ту (1971, 1977) ордендерінің иегері, Созақ ауданының Құрметті азаматы Байымбетов Қалыны еске алуға арналған АСЫҚ АТУДАН аудан ардагерлері арасында жарыс өтті. Аталған жарыс аудан орталығы Шолаққорғандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Аудан аумағынан 40 шақты ардагерлер, қариялар жиналып, бұл жарысқа біркісідей атсалысты.
Жарысты аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Еспенбетов ашып, Созақ ауданының Құрметті азаматы Байымбетов Қалының өмірбаянын, марапаттарын және оның ауылшаруашылығында атқарған еңбегі өте көп екендігін айтты. Ауданның Құрметті азаматы П.Сақтапбергенұлы жарысты өз деңгейінде өткізетін аудандық спорт бөлімінің бас маманы М.Сейсенбаев, Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директорының міндетін атқарушы А.Байғараев, Ту спортының аға жаттықтырушысы А.Айтқұлов сияқты төрешілермен таныстырды. Жарысқа демеушілік көрсеткен Созақ аудан әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы М.Ниязәліұлы және Созақ аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қ.Мейрманов, аудан тұрғындары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған іс-шарада ардагерлер 70 жасқа дейінгі және 70 жастан жоғары болып екі топқа бөлініп сайысты. 70 жастан асқан ардагерлерден сызба атыстан жүлделі І-орынды бабатылық Қасымбеков Өмірзақ, ІІ-орынды шолаққорғандық Қожанов Қожақмет, ІІІ-орынды  шолаққорғандық Мұсабеков Аманбек иемденсе, 70 жасқа дейінгі 17 ардагерлер арасында сызба атыстан І-орынды тастылық Аманбеков Асан, ІІ-орынды шолаққорғандық Сармантаев Жетілген, ІІІ-орынды жуантөбелік Байжанов Кенбек қанағат тұтты. Ең қарт Қожанов Қожақмет пен сұр мерген Қожабеков Амантай ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлықпен және алғыс хатпен марапатталды. Барша жарысқа қатысқандығы үшін алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтар табысталды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы