Сингапурлық компания елімізде үздіксіз білім беру жүйесін дамытшы


Сыртқы саясат ведомствосынан хабарлағандай, сингапурлық компания Қазақстан аумағында халықаралық деңгейдегі түрлі білім беру мекемелерін салуды жоспарлап отыр. 

Компания өкілдері «KinderWorld Kazakhstan» сингапурлық үздіксіз білім беру моделінің білім беру орталығын құру: балабақша – мектеп – колледж – университет» жобасын таныстырды. Инвестор Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пилоттық жобаның үш кезеңін іске асыруды көздеп отыр.  

Айта кетейік, «KinderWorld International Group» - халықаралық білім беру тобы. 1986 жылы құрылған. Компанияның негізгі қызметі - үздіксіз білім беру жүйесін дамыту. 2000 жылдан бастап компания Вьетнам, Таиланд және Малайзияда мектептердің құрылысына инвестиция салды және қазіргі уақытта 21 білім беру орталығын басқарады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сингапурлық компания елімізде үздіксіз білім беру жүйесін дамытшы
  • Күніне 300-ге жуық қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері шетелдерге жол тартады
  • Ақтөбе облысында 25 гектар астық алқабы өртеніп кетті
  • Семей тұрғындары бір күнде 197 тонна қоқыс жинады
  • Аргентинада 1,5 мың адам абортқа тыйым салуды талап етті