«Үлкен Алматы» өзенінің жағалауы қауіпті аймаққа айналды


«Үлкен Алматы» өзенінің жағалауына құдды бір ірі тастар құлаған секілді. Ойықтардың тереңдігі тізеге жетеді. Мұндағы жүргіншілер аяғымызды абайлап басатын болдық дейді. Тіпті, күн ұзарғалы өзеннің бойымен жүгіруді де доғарыпты.

«Менің өзен жағалауында жүгіре бастағаныма 5 жылдай болды. Мұндағы басты мәселе, екі шетіндегі асфальт жиі ойылып кетеді. Ол тұрғындарға ыңғайсыздық тудырады. Тезірек қалпына келтірсе екен дейміз», – дейді қала тұрғыны.

Үлкен Алматы өзенінің қос қапталы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің құзырында. Мамандардың сөзінше, бүгінде ойылған жерлердің көлемі 300 шаршы метрді құрайды. Жыл басында мұндай ойық жерлер 52 шаршы метр болған. Енді биыл, 2019 жылдың соңына дейін сол 52 шаршы метр тақтайдай тегістеледі. Қалғанын келесі жылдан бастап, кезең-кезең бойынша жаңартылып отырады. Айта кетейік, құрылыс жұмыстары ертеңнен басталады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы