ІІМ-де кеңейтілген алқа отырысы өтті



Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, тергеу және анықтау, қылмыстық-атқару жүйесі, халықты азаматтық қорғау бөліністерінің жұмысы, сондай-ақ ішкі істер органдарында тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

BEK_1651.JPG

«Ел басшылығы ішкі істер органдарының қызметіне ерекше көңіл бөледі. Алдағы перспективаларға арналған маңызды міндеттер белгіленді. Сондықтан бүгін біз Президенттің әрбір тапсырмасына нақты тоқталып, қойылған міндеттерді іске асыруда проблемалар бар өңірлердің басшыларын тыңдаймыз, - деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудағы негізгі міндеттерді атап өтті, оның ішінде құқық бұзушылықтардың, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, ұрлыққа, есірткі қылмысына, оның ішінде Интернеттегі синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты апатты зілзалалардан қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Ерлан Тұрғымбаев Халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматтарының, қоғаммен өзара іс-қимылды жақсартудың, полиция қызметінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етудің, сондай-ақ сервистік үлгіге көшудің маңыздылығына назар аударды.

Полицияның фронт-офистерінің жұмысы қаралып, олардың жұмысына департамент басшыларының тікелей қатысуын, сондай-ақ «Жолдағы қабылдау» акциясының пункттерін қоғамның өзін-өзі жұмыспен қамтыған бөлігі кеңінен қамтылатын орындарға орналастыруды тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің әдеп нормаларын сақтауына баса наазар аударылды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша министрліктің орталық аппараты қызметтерінің және өңірлік департаменттер басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы