Көрме көңілден шықты

Screenshot_4.jpg

ХV-ХVІ ғасырлардағы қазақ хандығы тұсында Түркістан қаласының маңызы зор болған. ХVІ-ХVІІ ғасырларда-ақ Яссы қаласының атауы қолданылудан қалып, Түркістан қаласы атала бастаған. Осы тарих беттерін парақтап отырып-ақ Түркісттанның тек қазақ халқының ғана емес, жалпы түркі жұртына ортақ тарихи маңызы зор мекен екендігіне көзіңізді жеткізесіз. Расында да көне Түркістан кезінде ұлы Жібек жолының бойындағы ең ірі сауда орталығы, мәдениеттің ошағы болған мекен. Ұлы Жібек жолы қасиетті шаһардың ғана емес сонымен қатар қала маңындағы аймақтардың да мерейін өсіргені анық. Бүгінде сол ықылым заманнан бізге бірталай тарихи орындар мен жәдігерлер қалды.  Кезінде ел аралаған, жиһанкез, тарихшы Фазаллах ибн Рузбехан: «Түркістан Сейхун (Сырдария өзені) өзенінің бойына орналасқан 30 қамалдан тұрады» деген сипаттама берген. Ежелгі жиһанкездерді таңқалдырған Түркістан өңірі әліге дейін туристерді таңқалдырып келеді.  Облыстағы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, көне Отырар, Сауран қалашықтары, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесі,  Бәйдібек би ауданындағы Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері мен Ақмешіт үңгірі, Түлкібас аудандарының қайталанбас әсем табиғаты, Ақсу-Жабағылы, Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі талай саяхатшыларды тамсандырған мекендер. Аңыз бен ақиқатқа толы осы тарихи жәдігерлердің құндылығын бүгінгі жастарға насихаттап,  келер ұрпаққа жеткізу парыз.  

Осы орайда Елбасының «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде облыстық музейлер мен суретшілер және қолөнер шеберлерінің  "Түркістаным - Тұраным" атты кеңейтілген көрме экспозициясы ұйымдастырылды. Облыстық Мәдениет басқармасы мұрындық болған шараның мақсаты - облыстық музейлерде ғасырлар бойы сақталған, облыстың  тарихы мен тұлғаларының өмірінен сыр шертетін көне жәдігерлерді қала тұрғындары мен қонақтарына насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістан қаласын болашақта төрткүл дүниеге танытып, туристердің көп шоғырланатын аймағына айналдыруға атсалысу болып табылады.

Көрмені облыс әкімдігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, басқарма басшылары, өзге де облыстардан арнайы шақырылған қонақтар, музей және кітапхана қызметкерлері және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келушілер тамашалады.

Көрмеге күш атасы - Қажымұқанның, вальс падишасы - Шәмші Қалдаяқовтың киімдері, Аппақ Ишанның құнды мұралары, тарихи - этнографиялық жәдігерлер мен қолөнер және қылқалам шеберлерінің туындылары қойылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы