«Адам және табиғат»

Screenshot_1.jpg

Табиғат пен адам егіз ұғым. Табиғат-анаға құрмет көрсетіп, күтіп-баптау адамзаттың міндетті. Түркістанда жасөспірімдер мен ересектердің экологиялық сауаттылығын арттырып,  табиғат-анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелейтін ерекше көрме өтті. 

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай  өткен экологиялық эстафеталық фотокөрмені  облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі ұйымдастырды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен көрмеде қоғамға ой салатын суреттер көрермен назарына ұсынылды. Бұл туындылар адам қолымен табиғатқа жасалған қастандық, жер бетіндегі күл-қоқыстар мен өндірістік қалдықтардың жан-жануарларға тигізген зардамы көрініс тапқан. Сонымен бірге өзен-көлдердің, ауаның ластануы, өсімдік әлемінің зардап шегуі де суреттерге арқау болған.

Фотокөрмені өткізуге өңірдегі бірнеше басқарманың мамандары атсалысып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаға қолдау көрсетті.  «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің, білім басқармасының жауапты мамандары қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына және колледж студенттеріне табиғатты қорғау, аналаны таза ұстау жөнінде ой қозғады. Фотокөрмеге Түркістан қаласының тұрғындарымен бірге Қ.А.Ясауи кесенесіне келген қонақтар да тамашалады.

 Эстетикалық мәні зор көрме барлық аудан, қалада жалғасын табатын болады.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы