Бөдене өсіріп табысқа кенеліп отыр

Screenshot_4.jpg

Түркістандық Жанболат Бахтиярұлы  «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 млн. теңге грант алып, қалада бөдене шаруашылығын дамытып отырған бірден бір кәсіпкер.  

«Кореяда бөдене өсіретін шаруашылықта жұмыс істедім. Бөдененің адам денсаулығына пайдалы тұстары мен оны бағудың технологиясын меңгере жүріп, ауылға келген соң осы кәсіппен айналысамын деген идея ойымнан шықпай қойды. Қайтатын уақытым таяп, елге келген бетте бірден әрекетке көштім. Әрине, бұл шаруашылықты дамыту үшін қолдағы азын-аулақ қаржы жеткіліксіз еді. Бірақ, бизнес-жоспарым дайын болатын, енді тек ақша табу керек. Мемлекеттен беріліп жатқан қолдауларды естіп, кәсіпкерлік мектебіне бардым» дейді ол.

Жанболат алдымен тренерлерден кәсіпкерлік сабақтарынан 3 күндік дәріс алады. Одан соң 1 айлық «Бизнес бастау» курсына қатысады. Екі сертификат алып мамыр айында инновациялық жобалар бойынша конкурсқа құжат тапсырады. «Маусым айында конкурстың қорытындысы жарияланды. Мен жеңімпаз атанып, 3 миллион теңге грант ұтып алдым. Бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында көрсетіліп отырған мемлекеттің қолдауы екен. Қаржы қолыма тиген соң қажетті құрылғылар мен 1000 дана бөдене сатып алдым» дейді ол. Кәсіпкердің айтуынша тауықтың жұмыртқасымен салыстырғанда анағұрлым кішкентай жұмыртқада дәрумендер 5 есе көп болады екен. Сонымен бірге, бөдене жұмыртқасының сырты шытынамаса ешқашан бұзылмайды. 

      Міне, шаруашылықтың қыр-сырын толық меңгерген жас кәсіпкер таза табысқа енді кенелеміз деп отыр. Жеке кәсіпкерлігін «Best Green House» (Үздік жасыл үй) деп атаған оның болашаққа құрған жоспары көп.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы