Қазақстан жол сапасы жөніндегі рейтингте аутсайдерлер қатарында

a64edc98203d02459fd4636ac282a5d3.jpg

"2018 жылдың қорытындысына сәйкес, автомобиль жолдарының сапасы бойынша 140 елдің ішінде 106-орында қалып қойдық. Осындай аутсайдерлік позицияда болуымызға белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлық та себеп болып отыр. Соңғы үш жарым жылда жол құрылысы саласында 100-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кестік. "ҚазАвтоЖол", "ҚазАвтоДор", жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ "Облжолзертxаналар" базасында құрылған жол активтерінің сапа орталығының лауазымды тұлғалары әшкерленді"- дейді Олжас Бектенов. 

Оның айтуынша, жол құрылысы саласындағы жемқорлық негізінен келісімшарттарға қол қою үшін пара берумен, заңсыз кәсіпкерлік қызметке қамқорлық жасаумен және әкімшілік шаралар қолданбаумен байланысты. Сондай-ақ бұл қатарға мемлекеттік сатып алулар барысында ақша қаражаттарын ұрлауда кіреді.  

Одан бөлек, жиын барысында сыбайлас жемқорлық үшін бұрын сотталған адамдарды басқару функцияларын орындауға байланысты лауазымдарға тағайындау фактілеріне жол берілгені айтылды, нақты мысалдар келтірілді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан жол сапасы жөніндегі рейтингте аутсайдерлер қатарында
  • Қазақстанның атаулы күндер тізімі толықты
  • Семейде серуендеуге арналған теплоход іске қосылады
  • Көлгінов көпбалалы отбасылар мен жастарға берілетін үйдің құрылысымен танысты
  • Латын қарпінде жаңа журнал жарыққа шықты