Семейде серуендеуге арналған теплоход іске қосылады

2cda4fbb9e382fd1acca9726f8788cdb.png

«Шоқан Уәлиханов» деп аталатын кеме шамамен 20 шілдеде іске қосылмақ екен.

Шағын кеме Ертіс өзені арқылы алдын ала белгіленген бағыт бойынша жүреді. Алайда шектеулер де бар екен. Бір рейсте 20 адамнан кем болмау керек.

Серуендеудің бағдарлы бағасы: ересектерге – 2 мың теңге, 5 жасқа дейінгі балаларға – тегін. Алдағы уақытта баға өзгеруі мүмкін.

Бір күнде теплоход 2-3 рейс жасайды. Маршруттың жалпы ұзақтығы шамамен 2 сағатқа созылмақ. Сондай-ақ, бұл кемеде мерекелік іс-шаралар, той-томалақтар өткізуге де болады. Ол үшін арнайы жеке баға белгіленеді.

Қосымша ақпаратты жауапты компанияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан аласыздар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы