Латын қарпінде жаңа журнал жарыққа шықты


Қалалық тілдерді дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, журнал 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстандағы тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан.

3 шілдеде облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы онлайн режимде өткен.

"Отырыста облыс топонимика кеңістігін ғылыми қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндама жасалды. Сондай-ақ «Onomastıka tynysy» журналының, «Ақтөбе облысы аумағында кездесетін топонимдер мен антропонимдер сөздігінің» тұсаукесері өтті", - делінген Ақтөбе қалалық тілдерді дамыту басқармасы таратқан хабарламада.

Сонымен қатар ономастика комиссиясының отырысында бірқатар мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар берілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Латын қарпінде жаңа журнал жарыққа шықты
  • Елордада қала күні қалай аталып өтті?
  • Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Жекпе-жек сарайын ашты
  • Қуанышбек Ысқақов: Арыстағы жағдай ешкімді бейжай қалдырмады
  • Димаштың Arnau-ы 6 шілдеде телеарнадан көрсетіледі