Еңбек министрлігі жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі қалай шешілетінін айтты


Оның айтуынша, елімізде 4 млн жас болса, оның 3,6 млн – еңбекке жарамды. Соның ішінде жұмыспен қамтылған 2,1 млн жастың 1,6 млн – жалдамалы жұмыс істесе, 492 мың жас өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9% құрайды.  

«2019 жылдың 1-тоқсанында жастар арасындағы ең жоғарғы жұмыссыздық деңгейі Алматы қаласында тіркелді (6,4%). СҚО, Қарағандыда облысында –  5,7%. Жалпы алғанда жұмыссыз жастар саны 84 мыңды құрайды. Оның 37 мыңы халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген. Жұмыспен қамту және «Еңбек» бағдарламасы аясында іс-шаралар атқарылып жатыр. Бұл бағдарлама 253 мың адамды қамтыды. 19 мың адам тегін оқытылса, қысқа курспен 16 мың адам қамтыллды», - деді департамент директоры.

Абулхатин 2 мың жас микрокредит алғанын, «Бастау бизнес» жобасы аясында 85 мың адам оқытылғанын атап өтті. 

«Жыл сайын 300 мың жас алғаш рет еңбек нарығына қосылады. Алдағы бес жылда еңбек нарығына 1,8 млн жас шығады деген болжам бар», - деді ол.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Еңбек министрлігі жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі қалай шешілетінін айтты
  • Арыста банк бөлімшелері мен сауда орындары жұмыс істей бастады
  • Грузияда кинотеатрлар орыс тілінде сеансын тоқтатты
  • Павлодар облысында ҰБТ-да алғаш жоғары балл алған түлектер анықталды
  • «Астана» Еуропаның үздік 50 командасы қатарында