Эльмира Суханбердиеваның қандай айыптар бойынша күдікке ілінгені xабарланды

f050ee9c58f5f5070f8f810d46cef359.jpg

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросымен білім және ғылым вице-министріне қатысты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот санкциясымен білім және ғылым вице-министріне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады", - деді Жанна Бастарова. 

Ресми өкіл Эльмира Суханбердиеваға  ҚР Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366-баптары бойынша айып тағылғанын xабарлады.

Айта кетейік, 5 маусым күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеген болатын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Эльмира Суханбердиеваның қандай айыптар бойынша күдікке ілінгені xабарланды
  • ҚХА этномәдени бірлестіктері елордада концерт өткізеді
  • Қызылорда облысында судың бірыңғай тарифі бекітілген – Көшербаев
  • Елордада Comi com фестивалін дәстүрлі түрде өткізу қажет – Бақыт Сұлтанов
  • Мүмкіндігі шектеулі көпбалалы әке баспаналы болды