Балалар күні. Шымкентте жас музыканттар шеруіне 10 мың адам қатысты

1ddd4a4bac91841af931cb079985a595.jpeg


Республика даңғылынан басталған шеру Б.Момышұлы көшесі мен Әл-Фараби алаңы арқылы Айбергенов көшесіне дейін жалғасты. Шеруде барлығы 10 мыңнан астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері сап түзеп, қала көшелерімен жүрді.

Төрт блоктан тұратын шеруді қалалық мектептен тыс мекемелердің өнерпаздары - Оқушылар сарайының барабаншылар тобы, №2 балалар саз мектебінің домбырашылар ансамблдері, Саз колледжінің үрмелі және ұлт аспаптар оркестрі, Өнер мектебінің би ұжымдары, №1 балалар саз мектебінің хор ұжымы бастап жүрді.

Екінші блокта №3 эстетикалық-саз мектебінің «Домбыра» класының оқушылары, №4 саз мектебінің өзбек ұлттық аспаптары, көркемсурет мектебінің жас суретшілері, Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының жас спортшылары, Экология орталығының үйірмешілері сап түзеді.

Үшінші блокты қаланың 131 мектебінің жас өнерпаздары - мектеп оқушыларынан құралған шеру жалғастырды.

Соңғы блок - колледж студенттерінің шеруінде - Өнер және дизайн колледжі, №2 Индустриалды-құрылыс колледжі, №3 индустриалды-техникалық колледжі, №4 колледж, №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі, Аграрлық колледжі, Политехникалық колледжі және Жол-көлік колледжінің студенттері болды. Олар өз мамандықтарына сай киім үлгісімен шеруді қорытындылады.

Әр білім ошағының балалары мен жастары шеруде жүріп өткен кезде сол мекеменің жетістіктері айтылды.

Қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың алуандығы, шығармалардың түпнұсқада орындалуы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігуі - сазды-театрландырылған шеру мерекелік көңіл-күй тудырып, әсерге бөледі. Шеру соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

«Бұл шеру балалар мен жастардың бойындағы рухани-адамгершілік қырларын қалыптастыруға бағытталған. Оларға эстетикалық әрі патриоттық тәрбие беріп, шығармашылығын қолдауға арналған. Шараға оқушылар да студенттер де, мұғалімдер мен ата-аналар да белсене қатысты», - дейді Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева.

Айта кетсек, Шабыт шеруі» атты жас музыканттар шеруі 2017 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл үшінші рет өткізілген шеру Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында өтті. Әдетте бір мезгілде басталатын шеру биыл Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, атап айтқанда Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Талдықорғагн, Алматы, Тараз, Атырау және Ақтауда таңғы сағат 9:00-де басталды. Бұған осы өңірлердегі ауа температурасының жоғарылауы себеп болды. Басталды. Ал, қалған аймақтара таңғы сағат 10:00-де басталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің таратқан мәліметінше, шеруге 98 309 оқушы, студент, педагог, ата-ана, барлығы 2500-ден астам білім ұйымдары қатысты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы