Еліміздегі ең сұранысқа ие 100 мамандық анықталды

ecc4d26f50859e38e177be6225c9a54f.jpg

"Мамандықтар тізбесі Елбасының «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Оған жоғары білімді қажет ететін 35 сұранысқа ие мамандық және техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 мамандық енгізілді, оның ішінде 10 жаңа мамандық енгізілген. Олардың ішінде өзекті: IT-мамандар, 3D модельдеу және толықтырылған нақтылық жөніндегі инженерлер, машинааралық оқыту жүйелері бойынша, жаңартылатын энергия көздері бойынша, өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлер, өндірісті автоматтандыру кезеңінде талап етілетін «ақылды» қала құрылысы, пилотсыз авиациялық жүйелер инфрақұрылымының сәулетшілері мен жобалаушылары және графикалық және мультимедиялық дизайнерлер мамандықтары бар" - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Кәсіптерді іріктеу үш параметрді қолдануға негізделген.

Бірінші параметр бойынша Қазақстан Республикасында іске асырылатын стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізгі басымдықтары ескерілді. Оның ішінде 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жол» көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы, «Нұрлы Жер» құрылысы, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде өңдеу өнеркәсібі және басқалар.

Екінші параметр аясында ҚР еңбек нарығында ұсынылған 1300 мамандық, ұлттық кәсіптер жіктелуіне сәйкес үш жүзден астам индустриялық және сервистік мамандықтар анықталды.

Үшінші параметрдің негізіне Еңбек министрлігінің 2025 жылға дейінгі кадрларға деген қажеттілік болжамының, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Атамекен" ҰКП мен оқу орындарының бірлескен күшімен сұратылған жұмыс берушілердің 700-ге жуық сауалнамасын талдау нәтижелері алынды.

Сұранысқа ие сервистік және индустриялық мамандықтардың тізбесі «Жас маман» бағдарламасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 200 оқу орнын жаңғыртуға негіз болады.

Сұранысқа ие мамандықтар тізбесін мына жерден көруге болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы