Түлкібаста мектеп түлектері көпбалалы анаға үй сыйлады

1559041689197448.jpg

Бүгін соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында табиғаты тамылжыған Түлкібас ауданынының білім ошақтарының ішіндегі қара шаңырағы саналатын Абай мектеп лицейінің 1999 жылы мектеп бітірген түлектері игі іс жасады. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер ұйымдасқан күйде 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, қуанышқа бөледі. 

Баспаналы болған Юсупова Назира Жапарқұлқызы, көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенің айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдық түлектердің сыйына алғысы шексіз екенің жеткізді. Дүниеде мейірімді жандар көп болса деген тілегін айтты.

Мичурин совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған Назира Жапарқұлқызы сол маңайдағы Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрған. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде отыр. 

Бұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр дәл осы Абай мектеп лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үй сыйға тартқан болатын. Игі шара 20 жылдық түлектер арасында дәстүрге айналғандай.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы