Түлкібас жастары игі іс жасады

1559137755524204.jpg

Саяси-экономикалық және діни ахуалы тұрақты мемлекет жоғары қарқынмен дамиды. Әрмен қарай дамытатын – жастар. Жастар жалынды, іскер һәм белсенді болса, бұзылмайтын орда, алынбайтын қамал жоқ. Қазіргі жастарда қойылар ең басты талап – білім. Олар білімді болғанда әлем елдерімен ғылым жағынан бәсекелесуге болады. Білімді дұрыс бағытқа бұра білген де зор рөл ойнайды. Яғни, өзге діни ағымдар жетегінде кетіп, білімін зиянды нәрселерге сарп етуге болмайды. Осыған орай, ел ішінде діни ахуалды жақсартқан абзал. 

Жақында Түлкібаста аудан әкімдігіне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» игі іс шараға ұйытқы болды. Орталық жанынан құрылған «Мейірім» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Рамазан айы құтты болсын» атты акциясы өтті. Бір топ жастар игі іс жасады. Олар акция барысында Қасиетті Рамазан айында аудан тұрғындарына ізгі тілектер айтылып су және құрма таратты. Тек таратып қоймай, тұрғындарға дін жөнінде мәліметтер бере кетті. Тура жолдан адаспай, теріс ағымға арбалып қалмай, дәстүрлі дінді насихаттады. Шара барысында аудан тұрғындары белсенді жастарға ризашылықтарын білдірді. Елімізде осындай жұртты адамгершілікке шақыратын мейрімді жастар көбейсе, барлық сала жоғары деңгейде дамитынын атап өтті. 

Алдағы уақытта Түлкібас жастары осындай елді бірлікке, рухани құндылықты бағалауға, мейірім мен адамгершілікке, адалдық пен әділдікке шақыратын іс-шараларды жиі ұйымдастыратынын айтты. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы