Депутат мал азығын арттырудың маңызын түсіндірді

b1adfc98464c3a5843ac01bccd40e33d.jpg

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы  елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен небәрі 4,3% өндіреді.

«Елбасы да осы мәселеге бірнеше рет назар аударды. 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейтуді тапсырды. Бұл ретте баса мән беруді қажет ететін бірқатар елеулі проблемалар бар», - деп айтты Оспанов.

Бірінші мәселе – мал азығы. Депутаттың сөзінше, мал шаруашылығын дамытудың негізгі факторы – жануарларға арналған толыққанды азықтың болуы. 

«Біз шартты түрде бір мал басына  небәрі 10 центнер азық бірлігін өндіреміз. Бұл қажетті зоотехникалық нормадан төмен. Егіс алаңдары құрылымында жем-шөп дақылдарының үлес салмағы ғылыми негізделген 30% орнына 16% ғана құрайды. Оның үстіне олардың өнімділігі төмен және өсірілетін жем-шөп дақылдарының жиыны шектеулі. Жем-шөп өндірісінде  негізінен өнімділігі аз табиғи шабындықтарға мән берілген», - деді Оспанов.

Депутат жайылымдық алқаптардың да жағдайы мәз емес екенін айтты. 

«Бүгінде жайылымдық алқаптардың 27 млн гектары тозған әрі тапталып бүлінген. Оларды қалпына келтірумен ешкім де айналысып жатқан жоқ. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының иелігіндегі табиғи жайылымдар мен  шабындықтар мал басы шектеулі болған соң пайдаланылмай жатыр. Ал, жеке мал ұстаушылар  малды жем-шөппен толық қамтамасыз етуі үшін елдімекендерде жеткілікті ресурстар жоқ. Осының салдарынан малдар ауыл іргесінде бейберекет жайылуынан жайылымдық ресурстардың тозу процесі жүріп жатыр», - деді ол.  

Ғалымдардың дерегінше, қажетті жем-шөп базасын құрып, жануарларды азықтандыру арқылы мал басының өнімділігін 2 есеге арттыруға болады. Осыған байланысты депутат жем-шөп базасын құру бойынша бірқатар шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

«Біріншіден, егіс алқаптардың құрылымында жем-шөп дақылдарының үлес салмағын 2 есеге ұлғайту; екіншіден, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту; таңдаулы тұқым шаруашылықтары желісін кеңейту және  жыл сайын сапалы тұқым өндіруді ұлғайту; үшіншіден, жыл сайынғы өндіріс көлемін талап етілетін тұтыну нормаларына дейін жеткізіп, құрама жем өнеркәсібін дамыту; төртіншіден, мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық алқаптардың мүмкіндіктерін барынша пайдалану бойынша шаралар кешенін қабылдау керек», - деді депутат.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы