Трамп Түркияны сауда жеңілдіктерінен айырды

8557dfff4ad411c1fef7d97a2c5abb12.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық Преференциялардың басты жүйесі (GTS) шеңберінде жеңілдіктер жүретін дамыған елдердің тізімінен Түркияны алып тастады.

Трамптың бұл шешімі бүгіннен бастап күшіне енеді.

GTS жүйесі 1974 жылдан бастап қолданылып келеді. 1975 жылы Түркия сауда жеңілдіктерін қолданатын елдер тізіміне енгізілген болатын. Аталған жүйе аясында әлемнің 121 мемлекетінен шығарылатын 4 мың өнім кеден салықтарынсыз АҚШ нарығына келіп түседі.

Трамптың бұл шешімінен кейін Түркия тарапы АҚШ-тан келетін тауарлардың салықтарын бірден көтеріп жіберді. 

Осылайша, Америкадан шығатын алкоголь өнімдерінің нарыққа өткізу құқығы үшін төленетін алымы 140%-ға, ал автокөліктердікі – 120%-ға жоғарылаған. Сонымен қатар азық-түлік, косметикалық заттар және тағы басқа тауарлардың салықтары көтерілген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп Түркияны сауда жеңілдіктерінен айырды
  • Жетпіске жақындаған депутаттар енді зейнетақы қорындағы жинағына алаңдай бастады
  • Алина Кабаева нақсүйеріне егіз ұл тауып берді – БАҚ
  • Түркістанда миграциялық ХҚКО жұмысын бастады
  • Елімізде енді пәтерсіз босып жүрген көпбалалы отбасылар болмайды